12-бап. Пана іздеген адамға босқын мәртебесін беруден бас тартудың негіздері Босқындар туралы Заңы
1. Мынадай мән-жайлар:
1) адамның нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін деген негізделген қауіп болмаса;
2) егер адам өзі туралы және Қазақстан Республикасының аумағына келу мән-жайлары туралы хабарлаудан бас тартса не көрінеу жалған мәліметтерді хабарласа, сондай-ақ жалған құжаттарды ұсынса;
3) адамда өзі оның қорғауын пайдалана алатын үшінші мемлекеттің азаматтығы болса;
4) егер адам қауіпсіз үшінші елдің аумағынан тікелей келсе;
5) егер аталған адамға қатысты өзі азаматы болып табылатын елде не келген елінде әрекет ететін террористік, экстремистік, сондай-ақ тыйым салынған діни ұйымдардың қызметіне қатысады не қатысты деп топшылауға салмақты негіздер болса;
6) егер аталған адам жөнінде бейбітшілікке қарсы қылмысқа, әскери қылмысқа немесе адамзатқа қарсы қылмысқа қатысты шаралар қолдану мақсатында жасалған халықаралық актілерде осы әрекеттерге берілген анықтамадағы осындай қылмыстарды жасады деп топшылауға салмақты негіздер болса;
7) егер осы адамға қатысты ол Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оның шегінен тысқары жерлерде саяси емес сипаттағы ауыр қылмыс жасады деп топшылауға салмақты негіздер болса;
8) егер аталған адамға қатысты ол Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының және халықаралық ұйымдардың мақсаты мен принциптеріне қайшы келетін әрекеттердің жасалуына кінәлі деген салмақты негіздер болса;
9) егер аталған адам Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасынан басқа, Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының немесе мекемелерінің қорғауын не көмегін пайдаланатын болса;
10) осы адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартса немесе өтпесе, пана іздеген адамға босқын мәртебесін беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 216-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пана іздеген адамдардың және босқындардың құқықтық жағдайын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы