12-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы құзыреті 3-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы құзыреті Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органды айқындайды;
2) уәкілетті органның ұсынысы бойынша экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесін бекітеді, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
3) мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу мен түзету кезінде меншіктің мемлекеттік мониторингінің деректерін пайдаланады;
4) мониторинг объектілерін зерттеу нәтижелері бойынша экономикалық, қаржылық және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін сақтауға және арттыруға бағытталған өзге де шараларды пайдаланады;
5) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында мемлекеттік меншік құрылымын оңтайландыру үшін меншіктің мемлекеттік мониторингінің деректерін пайдаланады;
6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.12. N 131-IV, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490 Заңы.
Осы Заң экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ оны жүргізудің негіздері мен талаптарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы