12-бап. Салымшылардың жинақталған ақша сомасын алу құқығы Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы
1. Салымшы осы Заңның 8-бабының 2-тармағының талаптарын орындаған жағдайда және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша құқық басқа адамға берілмеген немесе басқа адамдар пайдасына салынбаған жағдайда тұрғын үй құрылысы жинақ банкі тұрғын үй заемын бермесе, банк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарында көзделген мерзiмдерде салымшының бірінші талабы бойынша оған жинақталған ақшасы сомасын сөзсіз төлеуге міндетті.
2. (алып тасталды)
3. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы салымшысының осы Заңның 8-бабы 2-тармағының талаптарын орындағаны-орындамағанына қарамастан, ол тұрғын үй заемын алудан бас тартқан және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, үш жыл ақша жинақтағаннан кейiн оның мемлекеттің сыйлықақысын алуға құқығы бар.
Қарыз алушы заем берілген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде тұрғын үй заемын қайтарған жағдайда, үш жыл ақша жинақтағаннан кейін оның мемлекеттің сыйлықақысын алуға құқығы бар.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 2005.04.14. № 43, 2007.07.02. № 272, 2012.07.05. № 27-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 110 Заңы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы