12-бап. Сақтанушының (сақтандырылушының) құқықтары мен мiндеттерi Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Заңы
Ескерту. 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сақтанушы (сақтандырылушы):
1) сақтандырушыдан объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптарын, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
2) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшыны тартуға;
3) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) және (немесе) тәуелсiз сарапшы жүргiзген, келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалаудың нәтижелерiмен және сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есеп-қисаптарымен танысуға;
5) объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);
5-1) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 21-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
6) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;
7) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi сақтандыру тәуекелін, сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын немесе ол басталған кезде болуы мүмкiн зиян мөлшерiн төмендетуге алып келуі мүмкiн мән-жайлар өзгерген жағдайда объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарын өзгертудi талап етуге (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);
8) осы Заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен сақтандыру төлемiн алуға құқылы.
Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа құқықтары да көзделуi мүмкiн.
2. Сақтанушы:
1) сақтандыру сыйлықақысын объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге;
1-1) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бұл туралы уәкілетті органды хабардар етуге;
2) объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде сақтандырушыға объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi және ерiктi сақтандырудың бұрынғы шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдерi мен объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер туралы ақпаратты беруге;
3) үш жұмыс күнi iшiнде сақтандырушыға және құзыретiн негiзге ала отырып уәкілетті мемлекеттiк органдарға мән-жайлардың өзгергенi туралы, егер бұл өзгерiстер сақтандыру тәуекелiнiң ұлғаюына әсер етуi мүмкiн болса, хабарлауға;
4) сақтанушыны және құзыретiн негiзге ала отырып мемлекеттiк органдарды сақтандыру тәуекелiн едәуiр ұлғайтуы мүмкiн, қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiде жоспарланып отырған жаңғырту және (немесе) қайта бейiндеу туралы хабарлауға;
5) қауіпті өндірістік факторлардың үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиянды әсерін болғызбау жөніндегі қажетті және мүмкін болатын шараларды қолдануға;
6) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне белгiлi болғанда бұл туралы дереу, бiрақ үш күннен кешiктiрмей сақтандырушыға хабарлауға;
7) қауіпті өндірістік факторлардың үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне әсері туындаған кезде болуы мүмкiн шығындарды болдырмау немесе азайту, соның iшiнде мүлiктердi аман алып қалу және зардап шеккен адамдарға көмек көрсету жөнiнде қалыптасқан жағдайдағы ақылға қонымды және қолдан келетiн шараларды қолдануға;
8) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi аварияның, инциденттің туындау себептерi мен өзге де мән-жайларға өз бетiнше зерттеп-тексеру жүргiзу мүмкiндiгiмен сақтандырушының өкiлiн қамтамасыз етуге;
9) зақымданған мүлiктiң және бүлiну аймағының олардың сақтандыру жағдайы басталғаннан кейiнгi күйiнде сақтандырушының өкiлi қарағанға дейiн сақталуын (eгep бұл қауiпсiздiк мүдделерiне қайшы келмесе немесе зиян мөлшерiне әсер етпесе) қамтамасыз етудiң мүмкiн болатын барлық шараларын қолдануға;
10) сақтандырушыға барлық қолда бар қажеттi ақпарат (қажет болған кезде - жазбаша түрде) пен сақтандыру жағдайының басталу себептерi, барысы және салдары туралы, сондай-ақ келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi туралы талқылауға мүмкiндiк беретiн құжаттарды беруге;
11) қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген зиянды өтеу туралы талап немесе талап-арыз қойылғаны жөнiнде өзiне белгiлi болғанда, үш жұмыс күнi iшiнде бұл туралы сақтанушыға кез келген қолжетiмдi тәсiлмен хабарлауға;
12) келтiрiлген зиян үшiн жауапты тұлғаға қойылатын керi талап құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV; 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 580 Заңы.
Осы Заң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы