⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-бап. Сыртқы барлау субъектілерінің өзара іс-қимылы Сыртқы барлау туралы Заңы

12-бап. Сыртқы барлау субъектілерінің өзара іс-қимылы Сыртқы барлау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Сыртқы барлау субъектілерінің өзара іс-қимылы Сыртқы барлау туралы Заңы 

      1. Сыртқы барлау субъектілері өздеріне жүктелген міндеттерді шешу кезінде бір-бірімен, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштерімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды. 

      2. Мемлекеттік органдардың, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде сыртқы барлау субъектілеріне барлау қызметін жүзеге асыруға жәрдемдесуге міндетті. 

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі сыртқы барлау органының қызметкерлері туралы мәліметтерді шифрлау қажет болған жағдайда олардың иелері болып табылатын мемлекеттік органдар тиісті электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу жөніндегі қажетті шараларды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қабылдайды. 

      3. Сыртқы барлау субъектілерінің бір-бірімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде әзірленген олардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 22 мамырдағы № 277-IV Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасы сыртқы барлау субъектілерінің және Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың мәртебесін, құзыретін және қызметінің ұйымдастырылуын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы