12-бап. Тарифтер және ақы төлеу Теміржол көлігі туралы Заңы
1. Ұлттық инфрақұрылым операторының көрсетілетiн қызметтері мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтерінің бағалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
2. Уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердiң) шекті деңгейлерін белгілейді. Жергiлiктi атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысiшiлік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін белгілейді.
2-1. Әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша барлық жүру жолында жолаушылар тасымалы бойынша қызметтер көрсететiн тасымалдаушының шығыстары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен субсидияланады.
2-2. Вагондарды, локомотивтерді сатып алуға және теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиттеудің немесе қаржы лизингінің бүкіл мерзіміне бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.
3. Халықаралық қатынаста тарифтi (тасымалдау ақысын) қолдану ережесi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленедi.
4. 01.01.2022 дейін қолданыста болды - ҚР 27.12.2019 № 295-VІ Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тармақ 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2024 дейін қолданыста болады – ҚР 29.12.2022 № 174-VII Заңымен.
5. Уақытша теңгерімдеу төлемақысын тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган локомотивтік тартқыштың көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейлерін қалыптастыру кезінде белгілейді және ол:
1) жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына;
2) Ұлттық инфрақұрылым операторына жіберіледі.
Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидаларын тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.
Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидалары уақытша теңгерімдеу төлемақысын қалыптастыру кезінде есепке алынатын шығыстардың тізбесін қамтиды.
Ұлттық жүк тасымалдаушының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметтен түсетін кірістері уақытша теңгерімдеу төлемақысының көзі болып табылады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. № 596 Заңымен (күшіне ену тәртібін Заңның 2-бабынан қараңыз), 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.05. № 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 494-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2019 № 295-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 Заңы.
Осы Заң темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, темiржол көлiгi ұйымдары, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы