12-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы
1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату үшін сақтанушы (сақтанушы қайтыс болған жағдайда - оның мұрагері (мұрагерлері) сақтандырушыға жазбаша өтініш береді.
3. Тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан және осы сақтандырушымен тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың жаңа шартын жасасқан кезде сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлiгiн мынадай мөлшерлерде ұстап қалуға құқығы бар:
ССБ = СС * №/№, мұнда:
ССБ – сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
СС – тасымалдаушыны мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
№ – тасымалдаушыны мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енген күннен бастап, өтiнiш жасалған күндi қоса алғанда, оны мерзiмiнен бұрын тоқтатқан күнге дейiн өткен мерзiм (күнмен);
№ – тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты жасалған мерзiм (күнмен).
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген шарттар сақталмаған кезде сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының бiр бөлiгiн тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезде мынадай мөлшерлерде ұстап қалуға құқығы бар:
р/с | Тасымалдаушының жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап ол мерзімінен бұрын тоқтатылған кезге дейін өткен мерзім | Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлықақысынан пайызбен) |
1 | 2 | 3 |
1 | 1 айды қоса алғанға дейін | 20 |
2 | 1 айдан 2 айды қоса алғанға дейін | 30 |
3 | 2 айдан 3 айды қоса алғанға дейін | 40 |
4 | 3 айдан 4 айды қоса алғанға дейін | 50 |
5 | 4 айдан 5 айды қоса алғанға дейін | 60 |
6 | 5 айдан 6 айды қоса алғанға дейін | 70 |
7 | 6 айдан 7 айды қоса алғанға дейін | 75 |
8 | 7 айдан 8 айды қоса алғанға дейін | 80 |
9 | 8 айдан 9 айды қоса алғанға дейін | 85 |
10 | 9 айдан 10 айды қоса алғанға дейін | 90 |
11 | 10 айдан 11 айды қоса алғанға дейін | 95 |
12 | 11 айдан жоғары | 100 |
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444 Заңы.
Осы Заң тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы туындайтын қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, қаржылық және ұйымдық негіздерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы