12-бап. Тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органының өкiлеттiктерi Концессиялар туралы Заңы
Тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы:
1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес концессиялық жобаның конкурстық (аукциондық) құжаттамасына берілетін салалық қорытындыны дайындауды жүзеге асырады;
2) республикалық меншiкке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектiлерiне қатысты конкурстың (аукционның) ұйымдастырушысы болады;
3) концессиялар жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) шешiмi негiзiнде республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты республикалық меншiкке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектiлерi бойынша концессия шартын жасасады;
4) концессиялық жобалардың іске асырылуы мониторингін жүзеге асырады және концессиялық жобаның іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру үшін мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
5) республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға жасалған концессия шарттары бойынша ақпарат бередi;
6) концессия шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке беруді ұйымдастырады;
7) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша бұрын жасалған концессия шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты (аукционды) өткізу жолымен жаңа концессионерлерді тартуды ұйымдастырады;
8) қажет болған жағдайда, қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша заңды тұлғаларды тартады;
9) осы заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.07.05 N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167 Заңы.
Осы Заң концессияның құқықтық жағдайларын, концессионерді мемлекеттік қолдау түрлерін айқындайды және концессия шарттарын жасасу, орындау және тоқтату процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы