12-бап. Жер учаскелерiн пайдалану кезiнде қала құрылысы талаптарын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы
Меншiк иелерiнің не жер пайдаланушылардың құрылыс салу үшiн (коммуникациялар тартуды, аумақты инженерлiк дайындауды, абаттандыруды, көгалдандыруды және учаскенi жайғастырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда), сондай-ақ ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) кеңейту және реконструкциялау үшін жер учаскелерiн пайдалануы тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасына сәйкес және нысаналы мақсат немесе сервитут, аумақты аймақтарға бөлу, қызыл сызықтар және құрылыс салуды реттеу сызықтары, құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту және пайдалану қағидалары сақтала отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан аумағында белгіленген тыйым салулар сақтала отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
Егер жер учаскесі елді мекендердің жаңа бас жоспарын бекітуге немесе бекітілген бас жоспарға не егжей-тегжейлі жоспарлау немесе оларды дамыту мен салу схемасының жобасына өзгерістер енгізуге байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға жататын болса, меншік иесі немесе жер пайдаланушы осы жер учаскесін жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін алып қойылғанға дейін елді мекендердің жаңа бас жоспары бекітілгенге немесе бекітілген бас жоспарға не егжей-тегжейлі жоспарлау немесе оларды дамыту мен салу схемасының жобасына өзгерістер енгізілгенге дейін қолданыста болған қала құрылысы талаптарына сәйкес нысаналы мақсаты бойынша пайдаланады.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда – ҚР 29.05.2020 № 337-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы