⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы Заңы

12-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы Заңы 

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары: 

      1) ішкі істер органдарымен бірлесіп, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 

      2) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөнiндегi консультациялық-кеңесші орган құрады; 

      3) әкiмшiлiк полицияның штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен лимиттер шегiнде облыстық бюджеттер және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерi есебiнен ұстауды қамтамасыз етедi; 

      4) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттары ахуалдық орталықтарының электрондық поштаның, бейне конференциялық байланыс және бейнебақылау жүйесінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарын қоспағанда, жанар-жағармай материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық ішкі істер органдарының коммуналдық көрсетілетін қызметтерге, электр энергиясына, жылуға және көрсетілетін байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарын қоса алғанда, қызметтік үй-жайларды, радиобайланыс құралдарын, мобильді және портативті бейнетіркегіштерді, көлік құралдарын күтіп-ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз етеді; 

      5) учаскелiк полиция инспекторлары қызмет көрсететiн учаскелерде оларды жиhазбен, байланыс құралдарымен жабдықталған, жұмысқа арналған үй-жаймен, сондай-ақ көлiк құралдарымен қамтамасыз етедi; 

      6) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары: 

      1) iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ұйымдастырады; 

      2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы әкiмшiлiк учаске халқының пiкiрiн ескере отырып, учаскелiк полиция инспекторларын тағайындау үшiн iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) ұйымдастырады; 

      3) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөнiндегi консультациялық-кеңесші орган құрады; 

      4) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

       Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.11.2015 № 388-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V ҚРЗ. 

     Осы Заң Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы