13-1-бап. Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу Астық туралы Заңы
1. Тізілімді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен құқық және жер кадастрларының деректері, рұқсаттар мен хабарламалар, жеке және заңды тұлғаларды тіркеу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы орталық атқарушы органдардың, басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметтері негізінде тіркеуші қалыптастырады және жүргізеді.
Астық қолхаттарын шығару, олардың айналымы және оларды өтеу тәртібі, тізілімге қолжетімділікті беру тәртібі Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында айқындалады.
Тізілімге деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін тиісті уәкілетті органдар белгілейді.
2. Тізілім деректері мемлекетке тиесілі.
Тізілімді пайдаланушылар үшін оның деректеріне қолжетімділікті тіркеуші тіркеуші ақпараттық жүйенің веб-порталы арқылы қамтамасыз етеді.
3. Тізілім деректерін уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар астық нарығы мониторингін жүзеге асыру үшін пайдаланады.
4. Тіркеушінің функциялары:
1) тіркеуші ақпараттық жүйе арқылы тізілім деректерін қалыптастыру, жүргізу және сақтау;
2) клиенттің жеке шотын ашу;
3) жеке шот бойынша жекелеген операцияларды тіркеу;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркеуші ақпараттық жүйеге қосылған мәліметтерді алу құқығына ие мемлекеттік органдарға ақпарат ұсыну;
5) тіркеуші ақпараттық жүйені пайдаланушыларға ақылы электрондық қызметтер көрсету;
6) тіркеуші ақпараттық жүйенің веб-порталында ақпаратты жариялау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.
Ескерту. 5-тарау 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы