13-1-бап. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы
1. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік мекеме жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік мекеменің функциялары:
топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығына мониторинг жүргізу;
топырақ құнарлылығы деңгейінің болжамы мен динамикасын жүргізу;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу;
өсімдік шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің сапасын бағалау болып табылады.
3. Мемлекеттік мекеме:
топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу;
өсімдік шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің сапасын бағалау;
жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың өтініші бойынша топырақтың құрамындағы макро-, микроэлементтерді, ауыр металдарды, су сіріндісін қосымша зерттеп қарауды жүргізу;
сынақтан өткізу нәтижелері бойынша қорытынды бере отырып, аспаптар мен зертхана жабдығын, агрохимия саласындағы химиялық талдамалардың әдістемелерін байқаудан өткізу;
топыраққа, өсімдік шаруашылығы өніміне және оны қайта өңдеуден алынған өнімдерге химиялық талдаулар жүргізудің, тыңайтқыштар жүйесін жасаудың, жер учаскелерін пайдаланудың әдістері мен қағидалары жөнінде консультациялық қызметтер көрсету бойынша ақылы қызметтер көрсетуге құқылы.
4. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тарау 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы