13-1-бап. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар Ветеринария туралы Заңы
1. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтің мынадай түрлері хабарлама жасауға жатады:
1) ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметі;
2) ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу;
2-1) жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттарды шығару;
3) дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу.
2. Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталғанға немесе тоқтатылғанға дейін бұл жөнінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органын "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
1) қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жабдық жиынтығын иеленуі;
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалар хабарламаға:
1) тегін, атын, әкесінің атын, білімін, дипломның нөмірі мен берілген күнін қамтитын, ұйымның бірінші басшысы қол қойған және мөрімен бекемделген жиынтық кестені (заңды тұлғалар);
2) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломның көшірмесін (жеке тұлғалар);
3) мамандандырудан немесе біліктілігін жетілдіруден және оны арттырудың басқа да түрлерінен өткені туралы сертификатты;
4) ветеринариялық-санитариялық қорытындының көшірмесін қоса береді.
5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу, жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттарды шығару жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
1) қызметті жүзеге асыру үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде үй-жайларының және жабдық жиынтығын иеленуі;
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
Хабарламаға осы баптың 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ:
1) объектіге есептік нөмір берілгені туралы растаудың;
2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органын дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
1) қызметті жүзеге асыру үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде қажетті үй-жайларының, жабдық жиынтығының және техникасын иеленуі;
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
Хабарламаға осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
7. Осы бапта көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған кезде талап етілмейді.
Ескерту. 2-тарау 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 Заңы.
Осы Заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы