⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-2-бап. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу мен бағалауды қамтамасыз ету Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы

13-2-бап. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу мен бағалауды қамтамасыз ету Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-2-бап. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу мен бағалауды қамтамасыз ету Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы 

      1. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу мен бағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын республикалық мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады. 

       2. Республикалық мемлекеттік мекемелердің функциялары мыналар болып табылады:  

      1) суармалы жерлерді агромелиорациялық зерттеп-қарау, олардың бар-жоғы мен пайдаланылуын мониторингтеу; 

      2) суармалы жерлердегі жерасты суларының деңгейлік-тұздылық режиміне гидрогеологиялық байқаулар ұйымдастыру және жүргізу; 

      3) суармалы жерлерде топырақ-мелиорациялық ізденістер мен зерттеп-қараулар жүргізу; 

      4) коллекторлық-дренаждық сулардың ағысын айқындау және суару, жер астындағы және коллекторлық-дренаждық сулардың химизмін байқау; 

       5) мемлекеттік байқау ұңғымаларының желісін бұрғылау мен жабдықтауды, топографиялық-геодезиялық, зертханалық және басқа да зерттеулер мен іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;  

      6) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалау және оларды жақсарту мен ұтымды пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеу; 

       7) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу мен бағалауды жүргізу бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттама әзірлеу.  

       3. Республикалық мемлекеттік мекемелер:  

      1) суармалы жерлердің топырақ-мелиорациялық және тұздылық түсірілімін жүргізу; 

      2) жерасты суларының деңгейіне гидрорежимдік байқаулар жүргізу; 

      3) топырақ пен суға олардағы тұздың мөлшеріне талдаулар жүргізу; 

       4) жер бетіндегі және жер астындағы суларға ирригациялық бағалау жүргізу және оларды суару үшін қолдану жөнінде ұсынымдар әзірлеу;  

      5) байқау ұңғымаларын жабдықтау және суға ұңғымаларды бұрғылау бойынша ақылы қызметтер көрсетуге құқылы. 

      Ескерту. 3-тарау 13-2-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

 

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы