⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. 1994 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Заңы

13-бап. 1994 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. 1994 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Заңы 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Кәсiпорындардың пайдасы мен табысына салық салу туралы" 1994 жылғы 12 ақпанда қабылданған N 1568 және "Жеке адамдардың табысына салық салу туралы" 1994 жылғы 12 ақпанда қабылданған N 1570 Жарлықтарынан басқа. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi "Жеке адамдардың табысына салық салу туралы" және "Кәсiпорындардың пайдасы мен табысына салық салу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын қабылдағанға дейiн, азаматтардың табыстарына және кәсiпорындардың пайдасына /табысына/ салынатын салыққа қатысты бөлiгiндегi салық жеңiлдiктерiн беретiн барлық заң құжаттарының күшi тоқтатыла тұрсын.   
      Жеке тұлғалардың салық салынатын жиынтық табысына табыс салығының ең жоғары ставкасы 40 еселенген ең төменгi жылдық жалақыдан асатын табыс сомасының 40 процентi мөлшерiнде белгiленсiн. 
      Ұлы Отан соғысына қатысқандар және оларға теңестiрiлген адамдар, I және II-топтағы мүгедектер жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын төлеуден толық босатылады, III-топтағы мүгедектер 50 процентке босатылады деп белгiленсiн.  
      Салық салу үшсалық салынатын жылдық жиынтық табыс мына мөлшерге:   
     - мына санаттағы азаматтар үшiн 60 еселенген ең төменгi айлық жалақы мөлшерiне:   
    Кеңес Одағының Батырларына және Социалистiк Еңбек Ерлере, "Халық қаhарманы" атағына ие болған адамдарға, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдарға; 
     "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны", "Ленинградты қорғағаны үшiн" медальдармен наградталған азаматтардан басқа, Ұлы Отан соғысы кезеңiнде қалаларда болып, оларды қорғауға қатысқаны тұрақты армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерiне белгiленген жеңiлдiк жағдайлармен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек еткен жылдарына есептелетiн адамдарға;   
      1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңiнде тылдағы мiнсiз әрi жанқиярлық еңбегi үшiн ордендермен және медальдармен наградталған адамдарға;   
      "Ардақты ана" атағына ие болған және "Алтын алқамен" наградталған көп балалы аналарға кемiтiледi деп;   
    - мына санаттағы азаматтар үшiн:   
      - 48 еселенген ең төменгi айлық жалақы мөлшерiне:   
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiзд комитетiнiң және басқа да әскери құрамалардың мерзiмнен тыс қызметтегi офицер құрамына, прапорщиктерi мен әскери қызметшiлерiне, сондай-ақ iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамына - ақшалай үлес сомалары бойынша;   
     әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезде қаза тапқан әскери қызметшiлердiң ата-аналары мен жұбайларына, сондай-ақ қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан мемлекеттiк қызметшiлердiң ата-аналары мен жұбайларына. Жұбайлардың жеңiлдiк алу құқығы қайтадан некеге отырған кезге дейiн сақталады;   
      қарауында бiрге тұрып жатқан және үнемi күтiмдi қажет ететiн, бала кезiнен мүгедек болған адамы бар ата-аналардың бiрiне, жұбайына, қорғаншысына немесе қамқоршысына. Егер отбасында үнемi күтiмдi қажет ететiн, бала кезiнен мүгедек болған екi және одан да көп адам бiрге тұрса, жұбайлардың екеуiне де жеңiлдiк берiледi;   
      белгiленген тәртiппен экологиялық апат аймағы деп жарияланған жерлерде тұратын азаматтарға кемiтiледi деп белгiленсiн.   
      Пайдаға салынатын салықты төлеуден мыналар босатылсын:   
      - Қазақстан Республикасының Мүгедектер ерiктi қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ мылқаулар қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және олардың қаражаттары есебiнен құрылған өндiрiстiк, оқу-өндiрiстiк кәсiпорындар мен филиалдары, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерiнiң Қазақ республикалық ұйымы /кәсiпорындарсыз/;   
      - есептi кезеңде алынған пайданың кем дегенде 30 процентiн мүгедектерi әлеуметтiк қорғауға нақты пайдаланған жағдайда қызметкерлерiнiң жалпы санының кемiнде 50 процентi мүгедектер болып табылатын кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар.   
      "Кәсiпорындардың пайдасы мен табысына салық салу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 12 ақпандағы N 1568 Жарлығы қабылданғанға дейiн құрылған шетелдiк инвестициялары бар кәсiпорындар үшiн:   
      - "Кәсiпорындардан, бiрлестiктер мен ұйымдардан алынатын салық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 10-тармағының "а" тармақшасымен;   
      - "Қазақ КСР-iндегi шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақ КСР Заңының 20-бабының "а" тармақшасымен белгiленген пайдаға салық салу тәртiбi сақталсын. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 1994 жылғы 14 шiлде N 137-ХIII 

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы