13-бап. Аккредиттеу кезеңдері Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы
1. Аккредиттеу мынадай негізгі:
1) өтінімді және ұсынылған құжаттарды қабылдау, қарау;
2) аккредиттеу алдындағы шартты жасасу;
3) ұсынылған құжаттарды сараптау;
4) өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру;
5) аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
6) аккредиттеуден кейінгі шартты жасасу, аккредиттеу саласын бекіту және аккредиттеу аттестатын беру не аккредиттеу алдындағы шартты тоқтату кезеңдерін қамтиды.
2. Қайта аккредиттеу осы баптың 1-тармағында көзделген барлық кезеңдер сақтала отырып жүргізіледі. Қайта аккредиттеуге өтінімді өтініш беруші аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей береді.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 61-IV Заңы.
Осы Заң сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ олармен байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы