⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Заңы

13-бап. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Заңы 

       1. Мыналар арнайы мақсаттағы тамақ өнімдеріне жатады:  

       1) спортшыларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді тамақтандыруға арналған арнайы тамақ өнімдері;  

      2) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтанудың, оның ішінде балалар тағамына арналған тамақ өнімдері. 

      2. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдері: 

       1) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында және техникалық регламенттерде белгіленген арнайы мақсаттағы тамақ өнімдеріне қойылатын талаптарға сай келуге;  

       2) сатып алушылардың (тұтынушылардың) тиісті топтарының физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға;  

      3) тамақтық, биологиялық және энергетикалық құндылығы бойынша ыдыста (қаптамада) көрсетілген ақпаратқа сәйкес келуге тиіс. 

      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы