13-бап. Бұрын пайдалану құқығы және уақытша құқықтық қорғау Қазақстан Республикасының Патент Заңы
1. Өнеркәсiптiң меншiк объектiсiнiң басымдық алған күнiне дейiн Қазақстан Республикасының аумағында оның авторына тәуелсiз жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне ұқсас шешiмдi адал пайдаланған немесе бұған қажет дайындықтар жасаған тұлға мұндай пайдалану көлемiн ұлғайтпай оны өтеусiз пайдалану құқығын (бұрын пайдалану құқығын) сақтайды.
Бұрын пайдалану құқығы басқа адамға ұқсас шешiмдi пайдалану орын алған немесе оған қажеттi әзiрлiк жасалған өндiрiспен бiрге ғана берiлуi мүмкiн.
2. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн басымдық берiлген күннен кейін, бiрақ өнертабысқа, өнеркәсiптiк үлгiге немесе пайдалы модельге патент беру туралы мәлiметтер жарияланған күнге дейiн пайдалана бастаған тұлға патент иеленушiнiң талабы бойынша одан әрi пайдалануды тоқтатуға міндетті. Алайда, мұндай тұлға патент иеленушiге мұндай пайдалану нәтижесiнде өзі келтірген залалды өтеуге мiндетті емес.
3. Ресми немесе ресми танылған халықаралық көрмеге экспонат ретiнде қойылған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне оны көрмеге қойған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей осы объектiге өтiнiм берiлген жағдайда, көрмеге қойылған күннен бастап қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердiң алғашқы жариялануына дейiн уақытша құқықтық қорғау берiледi.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мерзiмде өнеркәсiптік меншiк объектiсiн пайдаланушы адам патент иеленушiге қорғау құжаты берiлген соң ақшалай өтемақы төлейдi. Өтемақы мөлшерi тараптардың келiсiмдерiмен белгiленедi.
Тараптар істі татуласу келісімімен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтауы мүмкін, оларға тараптар қол қояды және оларды сот бекітеді.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. № 586, 2007.03.02. № 237; 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 Заңы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы