13-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының құзыреті Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы
Денсаулық сақтау ұйымдары:
1) жәбірленушілер мен тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға наркологиялық, психологиялық, психиатриялық емдеу-профилактикалық көмегін көрсетеді және оларға медициналық оңалтуды жүргізеді;
2) жәбірленушілердің жәрдем сұрауы және оларға медициналық көмек көрсету фактілері туралы ішкі істер органдарына хабарлайды;
3) психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асырады.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV Заңы.
Осы Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы