⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерін салу және пайдалану кезінде жер пайдалануды реттеу Газ және газбен жабдықтау туралы Заңы

13-бап. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерін салу және пайдалану кезінде жер пайдалануды реттеу Газ және газбен жабдықтау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 13-бап. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерін салу және пайдалану кезінде жер пайдалануды реттеу Газ және газбен жабдықтау туралы Заңы 

      1. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін салу және пайдалану үшін берілетін жерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қала құрылысы және экологиялық талаптарға сәйкес келуге тиіс. 

      2. Меншiк иесi немесе жер пайдаланушы газбен жабдықтау жүйелерінің объектілеріне кіру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзiне меншiк немесе жер пайдалану құқығында тиесiлi жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану құқығын мүдделi жеке және заңды тұлғаларға беруге мiндеттi. 

      3. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін күрделі жөндеу, оларға қызмет көрсету, оларды жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін осы объектілерді пайдаланатын ұйымға жер учаскелері Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес уақытша жер пайдалануға беріледі. 

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV Заңы. 

          Осы Заң Қазақстан Республикасында газ және газбен жабдықтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының газға деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалану үшін жағдай жасауға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы