⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Кеден органдарының құқықтары Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

13-бап. Кеден органдарының құқықтары Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Кеден органдарының құқықтары Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі    

      1. Кеден органдарының құқықтары:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, декларанттардан, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардан және тексерілетін тұлғалардан қажетті ақпаратты, сондай-ақ кеден ісі саласына қатысты құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;

      2) кедендік бақылау жүргізу кезінде әртүрлі білім салаларының мамандарын тарту;

      3) көлік құралдарын тоқтату, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кеден органдарының рұқсатынсыз шығып кеткен су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтару;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюды беру;

      5) кеден ісі саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұстап алу және Қазақстан Республикасының кеден немесе өзге органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізу;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттау, олардың бейне- және аудиожазбасын, кино- және фототүсірілімін жүргізу;

      7) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кеден органдарының ресми өкілдерін шет мемлекеттерге жіберу;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу, құру, иелену және пайдалану;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін арнаулы құралдарды қоса алғанда, тауарларды сатып алу;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене күші мен арнаулы құралдарды қолдану;

      11) Алып тасталды - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      12) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру және істерді қарау, әкімшілік ұстап алуды жүргізу, сондай-ақ басқа да шараларды қолдану;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ғылыми-зерттеу, оқу, баспа қызметін жүзеге асыру;

      14) құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру;

      14-1) уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін осы Кодекстің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүргізу;

      15) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы