⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Медициналық процедуралар жүргiзу кезiнде азаматтардың радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы

13-бап. Медициналық процедуралар жүргiзу кезiнде азаматтардың радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Медициналық процедуралар жүргiзу кезiнде азаматтардың радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы  

       1. Радиоизотоптарды немесе басқа да иондаушы сәулелену көздерiн пайдалану арқылы медициналық процедуралар жүргiзiлген кезде азаматтарды (пациенттердi) қорғаудың тиiстi құралдары пайдаланылады. Пациенттiң сәуле алу дозасы радиациялық қауiпсiздiк саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген деңгейден аспауға тиiс.  

       2. Медициналық процедуралар жүргiзiлген кезде пациентке алынатын және (немесе) алған сәуле дозалары туралы және оның әсерiнiң ықтимал зардаптары туралы толық ақпарат берiледi. Азаматтың (пациенттiң), эпидемиологиялық тұрғыдан қауiптi ауруларды анықтау мақсатында жүргiзiлетiн профилактикалық зерттеулердi қоспағанда, осындай медициналық процедуралардан бас тартуға құқығы бар.  

       3. Иондаушы сәулелену көздерiн пайдалану арқылы процедуралар жүргiзетiн медициналық ұйым, егер осындай себептiк байланыс сот тәртiбiмен дәлелденсе, пациент денсаулығына немесе өмiрiне келтiрiлетiн ықтимал терiс әсер үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.  

       4. Радиоизотоптар немесе басқа да иондаушы сәулелену көздерi пайдаланылатын барлық медициналық процедуралар үшiн медициналық ұйым осындай процедураларды жүргiзген кезде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында медициналық қызметтер сапасын қамтамасыз ету бағдарламасын әзiрлеп, оны атом энергиясын пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органда бекiтедi.  

       5. Иондаушы сәулелену көздерi пайдаланылатын медициналық қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарында жұмысқа жiберiлген мамандардың бiлiктiлiгiне, оларды аттестаттау және қайта аттестаттау тәртiбiне қойылатын талаптар, даярлау және қайта даярлау бағдарламасы белгiленедi.  

       6. Ауруларға диагноз қою, олардың алдын алу және емдеу үшiн радиоактивтiк заттарды және басқа иондаушы сәулелену көздерiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен, пациенттердiң радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды қамтитын әдiстерге (әдiстемелерге) сәйкес қана пайдалануға рұқсат етiледi.  

      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда – ҚР 2006.12.29 № 209 Заңымен.  
 

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219 Заңы. 

      Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы