13-бап. Өндiрiстiк кооперативке мүшелiктiң өзгеруiнiң салдары Өндiрiстiк кооператив туралы Заңы
1. Кооператив мүшесi өз қалауы бойынша кооперативтен шыққан, сондай-ақ одан шығарылған жағдайда (осы Заңның 11-бабының 1 және 2-тармақтары), кооператив мүшесiне оның пайы төленуге немесе берiлуге, сондай-ақ жарғыда көзделген басқа да төлемдер жасалуға тиiс.
Кооперативтен шығатын мүшеге пайын немесе басқа мүлiктi беру қаржы жылы аяқталып, кооперативтiң бухгалтерлiк балансы бекiтiлгеннен кейiн жүргiзiледi.
Кооперативтен шыққан мүшенiң кооперативпен келiсiм бойынша пайдың құнын төлеу заттай түрде мүлiктi берумен алмастырылуы мүмкiн.
Кооперативтен шығатын мүшеге, сондай-ақ кооперативтiң осы жылы алған пайдасынан оған тиесiлi бөлiгi оның бұл жылы кооперативте болған кезеңi үшiн төленедi.
2. Кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысқаны үшiн төлемдер кооперативке мүшелiк тоқтатылған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жасалады.
3. Кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысуы жөнiндегi мiндеттемесiн бұзғаны үшiн кооператив мүшесi одан шығарылған жағдайда кооперативтiң аталған мүшесi, ол осы кооперативте жұмыс iстемеген кезеңде алынған пайданы бөлiсуге қатыспайды.
4. Егер кооперативтiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, шығатын мүшенiң кооперативке берген мүлкi сыйақысыз қайтарылады.
4-1. Кооператив мүшесi одан шыққан кезде құқығы (соның iшiнде шартты жер үлесiне құқығы) өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде берiлген жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
5. Қайтыс болған кооператив мүшесiнiң мұрагерi кооперативке кiруден бас тартқан не мұрагердi қабылдаудан кооператив бас тартқан ретте оған қайтыс болған кооператив мүшесiнiң пайына сәйкес мүлiктегi үлесi, сондай-ақ кооперативтiң таза табысының қайтыс болған адамға тиесiлi бөлiгi және кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысқаны үшiн сыйақы төленедi.
6. Кооператив мүшесi (мүшелерi) кооперативтен шыққан мүшенiң пайын немесе пайының бiр бөлiгiн сатып алған ретте сатып алушының кооператив мүлкiндегi үлесi оның пайының ұлғаюына шамалас артады.
7. Кооперативтен шыққан мүшеге немесе оның мұрагерлерiне кооператив пай төлегенде немесе бергенде, сондай-ақ кооператив мүшесiнiң пайынан оның жеке борышы бойынша кредит берушiлер айып өндiрiп алған ретте қалған кооператив мүшелерiнiң үлестерi шығу күнiне белгiленген олардың пайларының мөлшерiне сәйкес ұлғаяды.
8. Кооперативке мүлiктiк жарнасын енгiзу арқылы жаңа мүшенi қабылдаған ретте кооператив мүшелерiнiң оның мүлкiндегi үлестерiнiң жаңа мөлшерi белгiленедi.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 241, 2003.12.29. N 512 Заңдарымен .
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 қазандағы N 2486 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы