⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Органикалық өнім өндірушілер бірлестігі (жай серіктестік) Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы Заңы

13-бап. Органикалық өнім өндірушілер бірлестігі (жай серіктестік) Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  13-бап. Органикалық өнім өндірушілер бірлестігі (жай серіктестік) Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы Заңы 

      1. Жеке тұлғалар, жеке және заңды тұлғалар органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау рәсімінен өту үшін бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік (бұдан әрі – жай серіктестік) құруға құқылы. 

       Органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау рәсімі, сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұру және күшін жою (тоқтату) осы Заңның 12-бабының 1 – 3-тармақтарына, сондай-ақ ұлттық стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. 

      Жай серіктестікке қатысушылар сәйкестік сертификатын бір-бірінен тәуелсіз пайдалана алмайды. 

      2. Жай серіктестікке қатысушылар өзара келісім бойынша жай серіктестікке қатысушылардың біріне басшылық ету мен ортақ іс жүргізуді тапсыра алады. 

      Жай серіктестіктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасында айқындалады. 

 

      Осы Заң табиғи ресурстарды сақтауға және ұтымды пайдалануға, дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесуге және органикалық өнім нарығын дамытуға бағытталған органикалық өнім өндірісі мен айналымының құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы