13-бап. Ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру жөніндегі қызмет Сақтандыру қызметі туралы Заңы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулын құру арқылы тәуекелдерді сақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асыру кезінде ортақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының функциялары мен өкілеттіктерін өзіне қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының талаптарымен жасалуы мүмкін.
2. Бірлескен қызмет туралы шартта мынадай ақпарат:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметін басқару үшін тартылған сақтандыру брокерінің атауы;
2) сақтандыру сыныптары (түрлері) және сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінің нысанасы болып табылатын сақтандыру тәуекелдерінің тізбесі;
3) ортақ сақтандырудың (бірлескен қайта сақтандырудың) жекелеген шарты бойынша міндеттемелердің ең жоғары мөлшерін, қабылданатын тәуекелдер бойынша пулға әрбір қатысушы жауапкершілігінің ең жоғары үлесін қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы мен оның қатысушыларының жиынтық міндеттемелерінің ең жоғары мөлшері;
4) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау талаптары, тәртібі;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) шарттың қолданылу мерзімі;
6) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
6-1) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарттарын жасасу жөніндегі өкілеттікті қоса алғанда, жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының функциялары мен өкілеттігі;
6-2) бірлескен қызмет туралы шарттың тараптары арасында ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру төлемдері, сондай-ақ жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сыйақылары бойынша өзара есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері;
7) дауларды шешу тәртібі;
8) тараптардың қолтаңбалары қамтылуға тиіс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымы) уәкілетті органды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуымен бірлескен қызмет туралы шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, оның жасалғаны туралы хабардар етеді.
3. Ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына қойылатын талаптарға сай келуге тиіс.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінің шеңберінде жасалған ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шартында бірлескен қызмет туралы шарттың нөмірі мен жасалған күні, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар туралы мәліметтер, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті тұлғасының не сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару үшін тартылған сақтандыру брокерінің қолтаңбасы қамтылуға тиіс.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының әрбір қатысушысы сақтандыру резервтерін қабылданған міндеттемелердің көлеміне сәйкес қалыптастырады.
6. Лицензиясында сақтандырудың тиісті сыныбы көрсетілмеген сақтандыру ұйымының сақтандыру пулына қатысуына тыйым салынады.
7. Сақтандырудың тиісті саласы бойынша қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта сақтандыру пулына қатысуына тыйым салынады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы өз қатысушыларының пул қызметінің шеңберінен тыс туындаған міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар басқа қатысушылардың пул қызметінің шеңберінен тыс туындаған міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметін басқару үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар мен сақтандыру брокері арасында шарттары бірлескен қызмет туралы шартта белгіленетін келісім болған кезде уәкілетті органның тиісті лицензиясы бар сақтандыру брокерлері тартылуы мүмкін.
Сақтандыру брокерінің қатысуымен бірлескен қызмет туралы шарт жасасқан кезде сақтандыру брокері жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы бапта белгіленген функцияларын жүзеге асырады.
Ескерту. Заң 13-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126 Заңы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы