⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары  Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңы

13-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары  Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары  Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңы 

      Өтiнiм берушiнiң: 

      1) өтiнiмдi сараптаманың кез келген кезеңiнде керi қайтарып алуға; 

      2) өтiнiмге сараптама жасау барысында туындайтын мәселелердi қарауға қатысуға; 

      3) толық сараптама аяқталғанша өтiнiм материалдарын мәнi бойынша өзгертпей, оларды толықтыруға, анықтауға немесе түзетуге; 

      3-1) алғашқы өтiнiмде көрсетiлген тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi бөлектелген өтiнiмдер арасында бөле отырып өтiнiмдi бөлектеу туралы оны қараудың кез келген кезеңiнде сараптама аяқталғанға дейiн өтiнiш бiлдiруге; 

      4) сұрау салуға жауап беру немесе қарсылық бiлдiру үшiн белгiленген мерзiмдi ұзарту, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмге ұзарту туралы өтiнiш беруге; 

      5) өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiру туралы, бiрақ өткiзiп алынған мерзiм аяқталған күннен екi айдан кешiктiрмей қалпына келтiру туралы өтiнiш беруге; 

      6) қарсы қойылған материалдармен танысуға; 

      7) апелляциялық кеңеске қарсылық беруге байланысты іс жүргізуді тоқтата тұру туралы өтініш білдіруге; 

      8) тауар белгісі Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелгенге дейін тауар белгісін алуға құқықты басқа тұлғаға беру туралы өтінішхат беруге; 

      9) тауар белгісі Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелгенге дейін өтінім берушінің атауына және мекенжайына өзгерістер енгізуге құқығы бар. 

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. N 586; 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы