⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Қаруды қолдану және жауынгерлiк техниканы пайдалану Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Заңы

13-бап. Қаруды қолдану және жауынгерлiк техниканы пайдалану Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Қаруды қолдану және жауынгерлiк техниканы пайдалану Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Заңы 

       Ескерту. 13-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 

       Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерiнiң, әскери қызметшілерінің қару мен жауынгерлiк техниканы соңғы шара ретiнде мынадай жағдайларда қолдануға құқығы бар:  

      1) күзетiлетiн адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;  

      2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi күзететiн үйлерге, ғимараттарға, үй-жайлар мен басқа да объектiлерге және көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшiн;  

      3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерiне, әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ осы орган күзет шараларын қамтамасыз ету үшiн тартқан басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;  

      4) азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сондай-ақ кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттарды және арнаулы жүктердi босату үшiн;  

      5) қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезiнде не тiкелей қылмыс жасағаннан кейiн үстiнен түскен, қарулы қарсылық көрсеткен адамдарды, сондай-ақ қаруын тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн; 

      6) әуе кеңістігін күзет іс-шараларын өткізу аймағында немесе күзетілетін объектілер аумағының үстінен пилотсыз әуе кемелері бұзуының жолын кесу үшін. 

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерiнiң қаруды, бұдан басқа, мынадай жағдайларда да қолдануға құқығы бар: 

      1) егер жүргiзушiсi күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп төндірсе және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінiң, әскери қызметшісінің талабы бойынша тоқтаудан бас тартса, көлiк құралын тоқтату үшiн; 

      2) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн; 

      3) дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру үшін. 

      Күзетiлетiн адамдар тұрған жаққа қарай, сондай-ақ әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адамдар алған, әуе кемесiн қолға түсiрген жағдайлардан басқа кезде, сондай-ақ қару қолдану басқа адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайда қару қолдануға тыйым салынады.  

       Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерi, әскери қызметшілері қару қолданған барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен зардап шеккендерге дереу медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.  

      Адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, дене күші, арнайы құралдар, қару мен жауынгерлiк техника қолданылған әрбір жағдай туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурор хабардар етіледі. 

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.07.04 № 335; 04.07.2014 № 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы