⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi  Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Заңы

13-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi  Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi  Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Заңы 

      1. Сақтанушы: 

      1) сақтандырушыдан аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптарын, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге; 

      2) сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген тәртiппен және жағдайларда алуға; 

      2-1) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) жүргізген, келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға; 

      3) аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 19-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге; 

      4) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқылы. 

      Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының азаматтық заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн. 

       2. Сақтанушы:  

      1) сақтандыру сыйлықақысын аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге; 

      2) аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушыға аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн қажеттi мәлiметтердi ұсынуға; 

      3) аудиттi өткiзу нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап немесе талап-арыз келтiрiлгенi туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап, шұғыл түрде, бiрақ бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қолдан келетiн тәсiлмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы сақтандырушыға хабарлауға; 

       4) басталуына орай сақтанушыда келтiрiлген зиянды өтеу мiндетi пайда болған оқиғаның себептерi, барысы және салдары,  

      сондай-ақ келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерлерi туралы талдау жасауға мүмкiндiк беретiн, өзiнiң қолы жеткен барлық ақпаратты және құжаттаманы сақтандырушыға ұсынуға; 

      5) аудиттеу субъектiсiнiң зиянды өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуы үшiн сақтандырушыға мүмкiндiк жасауға; 

      6) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды болдырмау немесе азайту жөнiндегi шараларды қолдануға; 

      7) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге; 

      8) өзіне сақтанушы аудит қызметтерін көрсеткен тұлғаны аудит жүргізу кезінде аудиттелетін субъектілердің мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы хабардар етуге міндетті. 

       Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.  

      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы N 440 Заңы. 

        Осы Заң аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты  

       туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы