13-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Заңы
1. Сақтанушы:
1) сақтандырушыдан жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптарын, жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
2) сақтандырушының қаржылық есептiлiгiмен танысуға;
2-1) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) жүргізген, келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;
3) сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген тәртiппен және талаптар бойынша алуға;
3-1) жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 19-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
4) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқылы.
2. Сақтанушы:
1) сақтандыру сыйлықақысын жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге;
2) жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушыға осы Заңның талаптарына сәйкес мәлiметтердi ұсынуға;
3) нотариаттық iс-әрекеттердi жасау нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтеу туралы үшiншi тұлғаның талабы немесе талап-арызы келтiрiлгенi туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап шұғыл түрде, бiрақ бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қолдан келетiн тәсiлмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы сақтандырушыға хабарлауға;
4) басталуына орай сақтанушыда келтiрiлген зиянды өтеу мiндетi туындаған оқиғаның себептерi, барысы және салдары, сондай-ақ келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерлерi туралы талдау жасауға мүмкiндiк беретiн, өзiнiң қолы жеткен барлық ақпаратты және құжаттаманы сақтандырушыға ұсынуға;
5) үшiншi тұлғалардың зиянды өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуы үшiн сақтандырушыға мүмкiндiк жасауға;
6) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды болдырмау немесе азайту жөнiндегi шараларды қолдануға;
7) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге;
8) сақтанушы нотариаттық әрекеттер жасау бойынша қызметтер көрсеткен тұлғаны жекеше нотариустың нотариаттық әрекеттердi жасауы салдарынан үшiншi тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы хабардар етуге мiндеттi.
3. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуі мүмкін.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 435 Заңы.
Осы Заң жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы