⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Сотталғандардың ар-ұждан және діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

13-бап. Сотталғандардың ар-ұждан және діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Сотталғандардың ар-ұждан және діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 

      1. Сотталғандарға ар-ұждан және діни сенім бостандығы құқығына кепілдік беріледі. 

      2. Діни жораларды орындау ерікті болып табылады. 

      3. Діни жораларды орындау кезінде жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ішкі тәртіптеме қағидалары сақталады. Сотталғандардың осы Кодексте көзделген өздерінің міндеттерін орындаудан бас тартуына түрткі болумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзумен ұштасатын әрекеттерге жол берілмейді. 

      4. Сотталғандардың немесе олардың туыстарының өтінуі бойынша салт-ғұрыптарды атқару қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметшілері шақырылады. 

      5. Жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігі діни жораларды орындау үшін жағдай жасайды, сондай-ақ дін қызметшілері жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 

      6. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың аумағында ғибадат үйлерін (құрылыстарын) салуға тыйым салынады. 

 

    Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)   Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы