13-бап. Сыртқы барлау субъектілерінің кадрлары Сыртқы барлау туралы Заңы
1. Сыртқы барлау органының кадрларын қызметкерлер мен жұмыскерлер құрайды.
2. Сыртқы барлау органының қызметкерлері мемлекеттiк билiк өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
3. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде мiндеттерiн атқару кезiнде қамауға немесе кепiлге алынған, сондай-ақ бейтарап елдерге тұруға ерiксiз жiберiлген қызметкерлері мен әскери қызметшiлерi қызметкерлер мен әскери қызметшiлер мәртебесiн сақтайды. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң және басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың басшылары халықаралық құқық нормаларына сәйкес аталған қызметкерлер мен әскери қызметшiлердiң құқықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
4. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң қызметкерлері мен әскери қызметшiлерi барлау қызметiнiң мақсаттарына қол жеткiзу үшiн өздерінің ведомстволық тиесiлiлiгiн ашпай әрi әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметте қалдырыла отырып, мемлекеттiк органдарға және меншiк нысанына қарамастан ұйымдарға лауазымдық қызметке тұруы және iссапарға жiберiлуi мүмкiн.
Аталған органдар мен ұйымдардың лауазымды тұлғалары қызметкерлер мен әскери қызметшiлердiң сыртқы барлау субъектiлерiне тиесiлiлiгi туралы өздерiне белгiлi болған мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
5. Сыртқы барлау субъектілерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері кадрлар есебінде, қолданыстағы резервте және запаста тұрады. Сыртқы барлау субъектілерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қару мен арнайы құралдарды алып жүруге, сақтауға құқығы бар.
Сыртқы барлау органының басшысы қызметкерлердің жекелеген санаттарының сыртқы барлау органындағы қызметке алынғанға дейінгі еңбек қызметі өтілін олардың еңбек сіңірген жылдарына есептейді.
Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерінде және өзге де шетелдік ұйымдарда, қылмыстық топтарда тапсырмаларды орындаған уақыты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен зейнетақы төлемдерін тағайындау, арнаулы атақ беру және лауазымдық айлықақы есептеу үшін жеңілдікпен есептеле отырып, еңбек сіңірген жылдарына есепке жатқызылуға тиіс.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 22 мамырдағы № 277-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы сыртқы барлау субъектілерінің және Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың мәртебесін, құзыретін және қызметінің ұйымдастырылуын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы