13-бап. Тауар биржасының қызметі 4-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ Тауар биржалары туралы Заңы
1. Тауар биржасының негізгі қызметінің түрі биржалық сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.
2. Тауар биржасы мынадай функцияларды:
1) сауда-саттықты ұйымдастыруды және жүргізуді;
2) тауар биржасында жасалатын мәмілелерді, оның ішінде спот-тауарлармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді және ресімдеуді;
2-1) бағамен айла-шарғы жасау фактілерін анықтауды;
2-2) биржалық баға белгілеуді қалыптастыруды;
2-3) тауар биржасының мүшелеріне аккредиттеу жүргізуді;
2-4) тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің биржалық сауда қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін, олардың көрсетілген қағидалардың талаптарын сақтауын бақылауды;
2-5) клиенттерді биржалық сауда-саттыққа қатысушылар ретінде тіркеуді;
3) биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
4) тауар биржасында жүргізілген сауда-саттық нәтижесінде тауарға биржалық бағаны тіркеуді;
5) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) биржалық сауда-саттық арқылы сатылатын биржалық тауардың сапасына биржалық саудаға қатысушының талабы бойынша сараптама ұйымдастыруды;
7) биржалық саудамен байланысты ұйымдастырушылық, консультациялық, ақпараттық, әдістемелік қызметтер көрсетуді;
8) биржалық тауарлар нарығына талдамалық зерттеулер жүргізуді;
9) биржалық қызмет туралы ақпаратқа жататын баспа өнімін шығаруды;
10) биржалық саудаға қатысушыларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жөнінде оқу курстарын ұйымдастыруды;
11) тауар биржасының электрондық сауда жүйесін пайдалануды;
12) халықаралық биржалық сауда-саттықты дамытуды жүзеге асырады.
3. Тауар биржасы өз қызметін брокерлік, дилерлік, маркет-мейкерлік және депозитарлық қызметпен, сондай-ақ бағалы қағаздарды басқару жөніндегі қызметпен қоса атқаруға құқылы емес.
4. Тауар биржасы осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен өзіне берілген құқықтар шегінде өз атынан шетелдіктермен және басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалармен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасуға құқылы.
5. Тауар биржалары және биржалық саудаға қатысушылар қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шегіне сәйкес келуге міндетті.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 13-1-бапты алып тастау көзделген – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV Заңы.
Осы Заң тауар биржалары қызметі және биржалық сауданы жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, тауар биржаларының ашық және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, биржалық саудаға қатысушылардың құқықтарын және олардың арасындағы адал бәсекелестікті қорғау мақсатында тауар биржаларының қызметін реттеу және мемлекеттік бақылау тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы