13-бап. Тұқымдарды өндiру мен пайдалануға қойылатын талаптар Тұқым шаруашылығы туралы
1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдары:
1) карантиндiк объектiлерден ауру жұққызған болса;
2) осы Заңда белгiленген тәртiппен егу сапасына сараптамадан өтпесе;
3) гендік инженерия (генетикалық жағынан түрлендірілу) негізінде алынса, оларды өткізуге және егу (отырғызу) үшiн пайдалануға тыйым салынады.
2. Сұрыптық және егу сапалары бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн тұқымдарды өткізуге, сондай-ақ егу (отырғызу) үшiн пайдалануға тыйым салынады.
2-1. Тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттардың және стандарттау жөніндегі өзге де құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтiн тұқымдарды егу (отырғызу) үшiн өткiзуге және пайдалануға жол берiлмейдi.
2-2. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 13-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де құжаттарда белгіленген көрсеткіштерге қарағанда сапа көрсеткіштері төмендетілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өткізуге және егу (отырғызу) үшін пайдалануға жол беріледі.
3. Алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Осы Заңда белгіленген тәртіппен аттестатталмаған жеке және заңды тұлғалар тұқымдарды өткізу құқығынсыз өз қажеттіліктері үшін ғана өндіру мен пайдалануды жүзеге асыра алады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209, 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385 Заңы.
Осы Заң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерiн белгiлейдi және тұқым шаруашылығы жүйесiнiң ұйымдастырылуы мен жұмыс iстеуi және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату мен пайдалану iсiн мемлекеттiк бақылау мәселелерiн реттеуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы