13-бап. Уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсат беруi 2-тарау. Банк құру және банк қызметiн жүзеге асыру Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Банк ашуға рұқсат беру тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібі Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында айқындалады.
2. Банк ашуға берiлген рұқсаттың банк операцияларын жүргiзуге банкке лицензия беру туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдағанға дейiн заңды күшi болады.
3. Банк ашуға берiлген рұқсат:
1) банк қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған;
2) сот банктің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) банк ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде банк ретінде Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу корпорациясынан өтпеген;
4) банк ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алмаған жағдайларда күші жойылды деп есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда, еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсаттардың және банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мәртебесін иеленуге келісімнің күші жойылды деп есептеледі.
4. Банк өзiне банк ашуға берiлген рұқсатты ерiктi түрде қайтаруға және заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге құқылы.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 1997.07.11. № 154 Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.07.10. № 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.11. № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 25.11.2019 № 272-VI (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы