⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Уәкілетті органның меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы құзыреті  Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы Заңы

13-бап. Уәкілетті органның меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы құзыреті  Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Уәкілетті органның меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы құзыреті  Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы Заңы 

      Уәкілетті орган: 

      1) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы, өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілердің тізбесін жасайды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді; 

      1-1) мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсынымдары бойынша экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілері тізбесін өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде үш жылда кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді; 

      2) меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша анық және объективті талдау үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады; 

      3) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерістерді талдау және өндіргіш күштердің дамуын болжау мақсатында негізгі өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де параметрлері бойынша мониторинг объектілерін қадағалайды; 

      4) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншік нысандарының құрылымын оңтайландыруға қажеттілікті анықтайды; 

      5) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз етуді және үйлестіруді жүзеге асырады; 

      6) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді; 

      7) алып тасталды – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      8) меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша ақпарат жинау мен талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектілерінің жүйелік зерттеулерін өткізуді ұйымдастырады; 

      9) өңірлердегі және тұтас алғанда республикадағы әлеуметтік-экономикалық дамуға қолайсыз әсер ететін факторларды анықтау мақсатында меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы жөніндегі ақпаратты талдауды жүзеге асырады; 

      10) экономика саласында келеңсіз процестердің алдын алу және жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді; 

      11) меншіктің мемлекеттік мониторингі жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік бюджеттік қаржы бөлу көлемін негіздейді; 

      12) мониторинг объектілерін тікелей зерттеуге, меншіктің мемлекеттік мониторингі нысанасына жатқызылатын ақпаратты жинау мен талдауға қатысу үшін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерін тартуға құқылы; 

      12-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi; 

      13) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектілерінен меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады; 

      14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мониторинг объектілерін зерттеу, ақпарат жинау және талдау, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен консультанттарды таратады; 

      15) зерттеу жүргізу тапсырылған тұлғаларды және танысу үшін ұсынылуға тиіс ақпараттар тізбесін көрсете отырып, мониторинг объектісінің басшыларын зерттеу жүргізілетіні туралы хабардар етеді; 

      16) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, сондай-ақ мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға меншіктің мемлекеттік мониторингінің нәтижелері бойынша, оның ішінде стратегиялық объектілерді иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) билік етуді жүзеге асырудың заңдылығы мен орындылығы бойынша қорытылған талдамалық жазбалар, даму болжамдарын, ұсыныстар мен ұсынымдары табыс етеді; 

      17) меншігінде немесе басқаруында осы объектілер бар тұлғаларды мониторинг объектілерін зерттеу нәтижелерімен таныстырады; 

      18) қажет болған жағдайда орталық атқарушы органдармен және меншігінде не басқаруында мониторинг объектілері бар тұлғалармен бірлесіп кәсіпорындармен экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар әзірлейді; 

      19) меншіктің мемлекеттік мониторингінің бірыңғай республикалық деректер қорын жүргізеді; 

      20) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.11 N 218, 2007.08.07 N 321, 2009.02.12 N 131-IV, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490 Заңы. 

       Осы Заң экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ оны жүргізудің негіздері мен талаптарын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы