13-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға беру Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңы
1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық архивтерде сақтау мерзімі өткен соң мемлекеттік архивтерге тұрақты сақтауға берілуге тиіс.
1-1. Ұлттық архив қорының құжаттарын ретке келтірілген түрде беру мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына, Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына сәйкес архивтерді өткізетін заңды тұлғалардың меншікті қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
2. алып тасталды
3. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын тұрақты сақтауға басқа мемлекеттерге беруді ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті орган жүргізеді.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.11.10 № 256, 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, жинақтау, сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы архив ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы