⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Ұйымдардың соғыс жағдайы кезеңiндегi мiндеттерi  Соғыс жағдайы туралы Заңы

13-бап. Ұйымдардың соғыс жағдайы кезеңiндегi мiндеттерi  Соғыс жағдайы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Ұйымдардың соғыс жағдайы кезеңiндегi мiндеттерi  Соғыс жағдайы туралы Заңы 

       1. Соғыс жағдайы енгiзiлген аумақтағы ұйымдар соғыс жағдайын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың, олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындауға және оларға жәрдемдесуге мiндеттi.  

       2. Ұйымдар соғыс жағдайы кезеңiнде:  

       1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өздерiнiң меншiгiндегi қорғаныс қажетiне керектi мүлiктi беруге; <*>  

       2) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында шарттар негiзiнде мемлекеттiң тапсырмаларын (тапсырыстарын) бiрiншi кезектегi тәртiппен орындауға;  

       3) өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.  

      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. № 70 Заңымен.   

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Pecпубликасының аумағында тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың (бұдан әрi - азаматтар және басқа да адамдар), сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, әскери басқару органдарының және  

       меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың (бұдан әрi - ұйымдар) соғыс жағдайы кезеңiндегi құқықтық қатынастарын реттейдi.  

       Осы Заңның қолданылуы соғыс жағдайы кезеңiмен шектеледi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы