13-бап. Ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы
1. Ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекет ауыл шаруашылығы өнiмінің сапасы мен қауіпсiздігін халықаралық талаптарға сәйкес келтiру мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүргiзу;
2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттiк пункттердi, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердi және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (қорымдарды) ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының аумағын қорғауға және мал мен адамға ортақ аурулардың таралуына жол бермеуге бағытталған ветеринариялық iс-шараларды;
5) зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң таралуына жол бермеуге, Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғауға, сондай-ақ олардың таралу ошақтарын анықтауға, шектеуге және жоюға бағытталған фитосанитариялық iс-шараларды;
6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою және жою салдарынан агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне келтiрiлген залалды өтеу;
7) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіруге шығындарын өтеу іс-шараларын жүзеге асырады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы