14-1-бап. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы
1. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері – Ассамблеяның мақсаты мен міндеттерін бөлісетін, осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнің негізінде жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдар.
Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері қызметінің мақсаттары азаматтардың белсенділігі мен өзіндік әрекетін дамыту, олардың дәстүрлерді, тілдер мен мәдениетті сақтау және дамыту саласындағы мүдделерін қанағаттандыру болып табылады.
2. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері қоғамдық бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және Ассамблеяның жергілікті, өңірлік немесе республикалық этномәдени бірлестіктері ретінде жұмыс істеуі мүмкін.
Ассамблеяның жергілікті этномәдени бірлестіктеріне Қазақстан Республикасының бір облысы, оның ішінде республикалық маңызы бар қаласы, астанасы шегінде жұмыс істейтін және Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін этнос өкілдерін топтастыратын қоғамдық бірлестіктер жатады.
Ассамблеяның өңірлік этномәдени бірлестіктеріне Қазақстан Республикасы облыстарының, оның ішінде республикалық маңызы бар қалаларының, астанасының жартысынан аз аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар және Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін этнос өкілдерін топтастыратын қоғамдық бірлестіктер жатады.
Ассамблеяның республикалық этномәдени бірлестіктеріне Қазақстан Республикасы облыстарының, оның ішінде республикалық маңызы бар қалаларының, астанасының жартысынан астам аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар және Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін этнос өкілдерін топтастыратын қоғамдық бірлестіктер жатады.
3. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады, қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, азаматтық қағидатында, патриотизм, Қазақстан этностарының рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біртектілікті нығайтуға жәрдемдеседі.
4. Ассамблеяның құрамына қоғамдық аккредиттеу рәсімінен өткен этномәдени бірлестіктер кіреді.
Этномәдени бірлестікті қоғамдық аккредиттеу тәртібі мен ол туралы ережені Кеңес айқындайды.
Ескерту. 2-тарау 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы N 70-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру тәртібін және оның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы