⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-1-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап  отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы Автомобиль көлiгi туралы Заңы

14-1-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап  отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы Автомобиль көлiгi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-1-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап  отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы Автомобиль көлiгi туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындайды. 

      1-1. Мемлекеттік кәсіпорын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы бола алады. 

      2. Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы: 

      1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптарды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; 

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасында айқындалған және (немесе) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіпке сәйкес навигациялық спутниктік жүйелерді пайдалана отырып, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді; 

      3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тасымалдаушыларға электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалана отырып, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынады. 

      Ескерту. 2-тарау 14-1-баппен толықтырылды – ҚР 25.06.2020 № 348-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 Заңы. 

      Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы