⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-1-бап. Кәмелетке толмағандарды арнаулы мекемелер мен ұйымдардан шығару (босату) негіздері Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы

14-1-бап. Кәмелетке толмағандарды арнаулы мекемелер мен ұйымдардан шығару (босату) негіздері Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-1-бап. Кәмелетке толмағандарды арнаулы мекемелер мен ұйымдардан шығару (босату) негіздері Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы  

      1. Кәмелетке толмағандар арнаулы білім беру ұйымдарынан мынадай жағдайда: 

      1) сот айқындаған мерзім өткенде, осы мерзім өткен күні; 

      2) кәмелеттік жасқа толған күні мерзімінен бұрын; 

      3) егер мекеме әкімшілігінің не кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссияның ұсынуы негізінде сот кәмелетке толмаған адам осы шараның одан әрі қолданылуын қажет етпейді деген түйінге келсе, соттың тиісті шешімі келіп түскен күні, ал егер соттың шешімі жұмыс күні аяқталғаннан кейін алынса, онда келесі күні, мерзімінен бұрын; 

      4) кәмелетке толмаған адам ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберілгенде; 

      5) осы Заңға сәйкес кәмелетке толмаған адамның осы мекемеде болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда шығарылады. 

      2. Кәмелетке толмағандар ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарынан мынадай жағдайда: 

      1) сот айқындаған мерзім аяқталғанда; 

      2) кәмелетке толуына байланысты мерзімінен бұрын; 

      3) мерзімінен бұрын, егер сот мекеме әкімшілігінің немесе кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссия ұсынысының негізінде кәмелетке толмаған осы шараны өзін түзеуге одан әрі қолдануды қажет етпейді деген қорытындыға келсе; 

      4) осы Заңға сәйкес аталған мекемеде кәмелетке толмағанның болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда шығарылады. 

      3. Кәмелетке толмағандар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарынан мынадай жағдайда: 

      1) ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері анықталғанда және оларға берілгенде; 

      2) арнаулы білім беру ұйымдарына, ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарына орналастырылғанда; 

      3) балалар үйіне (интернатқа) орналастырылғанда; 

      4) сот үкімі заңды күшіне енгенде; 

      5) осы Заңға сәйкес аталған мекемеде кәмелетке толмағанның болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда босатылады. 

      Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы. 

       Осы Заң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы