⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-1-бап. Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді және оны пайдалануға құқықты табыстауды тіркеу шарттары Қазақстан Республикасының Патент Заңы

14-1-бап. Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді және оны пайдалануға құқықты табыстауды тіркеу шарттары Қазақстан Республикасының Патент Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-1-бап. Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді және оны пайдалануға құқықты табыстауды тіркеу шарттары Қазақстан Республикасының Патент Заңы 

      1. Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді және оны пайдалануға құқықты табыстауды тіркеу шарттың мүдделі тарапының өтініші алынған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде мәліметтерді тиісті мемлекеттік тізілімдерге енгізу жолымен жүзеге асырылады. 

      Жазбаша нысанның және (немесе) тіркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді. 

      2. Шарттың тоқтатылуына байланысты тиісті мемлекеттік тізілімдерге өзгерістер енгізу немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тіркеудің күшін жою шарттың мүдделі тарапының өтініші келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. 

      Тіркеу туралы мәліметтерде мүдделі тұлғаның өтініші алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде және шарттың басқа мүдделі тараптарына жазбаша хабарлама жіберілген жағдайда, олардың тиесілілігін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін техникалық сипаттағы қателер түзетілуі мүмкін.  

      3. Мыналар: 

      1) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықтың тоқтатылған қолданысын қалпына келтіруге арналған мерзімнің болуы;  

      2) құжаттар топтамасын толық ұсынбау не ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің сәйкес келмеуі; 

      3) ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің тиісті мемлекеттік тізілімдердегі немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес жүргізілетін тізілімдегі мәліметтерге сәйкес келмеуі; 

      4) шартта Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келетін ережелердің болуы тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздер болып табылады. 

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген негіздер анықталған жағдайда, өтініш берушіге оларды жою туралы сұрау салу жіберіледі. Тіркеу мерзімі сұрау салу жіберілген күннен бастап үш айға тоқтатыла тұрады.  

      5. Мыналар: 

      1) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықтың тоқтатылған қолданысын қалпына келтіруге арналған мерзімнің өтуі;  

      2) тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздерді жоюға арналған мерзімнің өтуі; 

      3) шарттың тарапы болып табылмайтын тұлғадан тіркеу туралы өтінішті алу; 

      4) лицензиялық шартты немесе оған қосымша келісімді тіркеудің болмауы; 

      5) тарапта өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқықты табыстауға кедергі келтіретін қабылданған міндеттемелердің болуы тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады. 

      Ескерту. 4-тарау 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы