14-2-бап. Елді мекендердің санаттарын өзгерту тәртібі Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Заңы
1. Қала мәртебесін өзгерту бес жыл ішінде осы Заңның 3-бабының 1), 2) және 3) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады.
2. Ауыл, кент мәртебесін өзгерту үш жыл ішінде осы Заңның 3-бабының 4) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, үш жыл ішінде осы Заңның 2-бабының 2-тармағы бесінші бөлігінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда ауылдық округ таратылады, ал оның ауылдық елді мекендері жақын маңдағы ауылдық округтерге немесе өзге де елді мекендерге қосылады.
4. Елді мекеннің санатын өзгерту рәсімі осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-бөлім 14-2-баппен толықтырылды – ҚР 30.06.2021 № 60-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-XII Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы