14-3-бап. Фитосанитариялық нормативтер Өсімдіктерді қорғау туралы Заңы
1. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық ахуалды өсiмдiк шаруашылығы өнiмiне, ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектiлерге қауiпсiздiгi, биологиялық тәуекелдердің қолайлы деңгейін қамтамасыз ету тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштердiң жол берiлетiн сандық және (немесе) сапалық мәнiн айқындайды.
2. Фитосанитариялық нормативтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн зерттеулер негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары ескеріле отырып белгiленедi.
3. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық iс-шаралар көлемiн объективтi және негiздеп жоспарлауды жүргiзу, сондай-ақ зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң жаппай көбею, таралу және оларды жою мүмкiндiгiн болжау үшiн негiз болып табылады.
4. Фитосанитариялық нормативтер өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды жүргiзуi үшiн негiз болып табылады.
Ескерту. 14-3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331 Заңы.
Осы Заң өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы