14-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Заңы
Еcкерту. 14-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 12.12.2020 № 383-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Аудандық маңызы бар қала әкімі аудандық өкілді және атқарушы органдарға аудандық маңызы бар қаланы кент, ауыл санатына жатқызу туралы ұсыныс енгізеді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі:
1) аудандық (облыстық маңызы бар қала) өкілді және атқарушы органдарға осы елдi мекендердi аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар санаттарына жатқызу туралы, оларды тарату және қайта құру туралы ұсыныстар енгiзедi;
2) тиiстi елдi мекен халқының пiкiрiн ескере отырып, аудандық (облыстық маңызы бар қала) өкiлдi және атқарушы органдарға кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) өкiлдi және атқарушы органдарға кенттердiң, ауылдық округтердiң, ауылдардың шекараларын белгiлеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
4) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде осы елдi мекендердің құрамдас бөлiктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 09.02.2009 № 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi); 12.12.2020 № 383-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 60-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-XII Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы