⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

14-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган:

      1) мүгедектігі бар адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім алуын қамтамасыз етеді;

      2) білім беру саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      3) білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

      4) мыналарды:

      арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы бақылауды;

      арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен, уәкілетті мемлекеттік органмен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      5) өз құзыреті шегінде әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік құқтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      6) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы