⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Бірлескен кепілдіктер жүйесін (PGS) қалыптастыру және оның жұмыс істеуі Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы Заңы

14-бап. Бірлескен кепілдіктер жүйесін (PGS) қалыптастыру және оның жұмыс істеуі Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Бірлескен кепілдіктер жүйесін (PGS) қалыптастыру және оның жұмыс істеуі Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы Заңы 

      1. Жеке тұлғалар, жеке және заңды тұлғалар бірлескен кепілдіктер жүйесіне (PGS) қатысу үшін бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестікке бірігуге құқылы (бұдан әрі – бірлескен кепілдіктер жүйесіне (PGS) қатысушылар). 

      Бірлескен кепілдіктер жүйесін (PGS) қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібін бірлескен кепілдіктер жүйесіне (PGS) қатысушылар органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары мен ұлттық стандарттарға сәйкес әзірлейді және бекітеді. 

      2. Бірлескен кепілдіктер жүйесіне (PGS) қатысушылар органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары мен ұлттық стандарттарда белгіленген өнім өндіру жөніндегі шарттарды сақтайды. 

      Бірлескен кепілдіктер жүйесінде (PGS) өндірілген өнім өндірісі және айналымы кезінде "PGS қатысушысы" белгілемесін пайдалануға жол беріледі. 

      Ескертпе. Бірлескен кепілдіктер жүйесі (PGS) деп дәстүрлі ауыл шаруашылығынан органикалық ауыл шаруашылығына өту мақсатында бірлесіп қатысу, ұжымдық жауапкершілік, ашықтық, сенім және білім алмасу қағидаттарына негізделген қызмет танылады. 

 

      Осы Заң табиғи ресурстарды сақтауға және ұтымды пайдалануға, дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесуге және органикалық өнім нарығын дамытуға бағытталған органикалық өнім өндірісі мен айналымының құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы