⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Даму Банкiнiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы  Қазақстанның Даму Банкі туралы Заңы

14-бап. Даму Банкiнiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы  Қазақстанның Даму Банкі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 14-бап. Даму Банкiнiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы  Қазақстанның Даму Банкі туралы Заңы 

      1. Даму Банкi Меморандумға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес: 

      1) Даму Банкi бұрын кепiлге ресiмдеген заңды тұлғалардың қатысу үлесiнен немесе акцияларынан оларды одан әрi өткiзу мақсатында өндiрiп алған; 

      2) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары (қор биржасы, орталық депозитарий) құрған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысқан; 

 

      3) акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша лизинг беруші ұйымдардың және өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысқан; 

      4) инвестициялық жобаларды қаржыландыру шеңберінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қайта құрылымдауға, сондай-ақ мезониндік қаржыландыру кезінде қарыз алушылардың жарғылық капиталдарына қайта құрылымдауға, қатысқан жағдайларда заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қайта құрылымдауға, қатысады. 

      2. Жарғылық капиталына Даму Банкі жүз процент қатысатын ұйымдардың басқару органдарында тәуелсіз директорлардың болу қажеттігін Даму Банкі дербес айқындауға құқылы.  

      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.06.11 № 434, өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.12.23 № 108, 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы