⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Iшкi су жолдарында құрылыстар салу және оларды пайдалану Iшкi су көлiгi туралы Заңы

14-бап. Iшкi су жолдарында құрылыстар салу және оларды пайдалану Iшкi су көлiгi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 14-бап. Iшкi су жолдарында құрылыстар салу және оларды пайдалану Iшкi су көлiгi туралы Заңы 

       1. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

       2. Iшкi су жолдарындағы құрылыстардың (оның iшiнде салынып жатқан құрылыстардың) иелерi бойынша өз есебiнен навигациялық жабдықтар құралдарын, оның iшiнде жүзу жабдықтары мен өзге де жабдықтарды орнатуға, сондай-ақ кеме қатынасының қауiпсiздiгi мақсатында олардың iшкi су көлiгi саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.   

       3. Iшкi су жолдарында пайдаланылатын, сондай-ақ салынып жатқан көпiрлердiң және басқа да гидротехникалық құрылыстардың иелерi:   

       1) кемелердiң, салдардың және басқа да жүзу объектiлерiнiң кедергiсiз әрi қауiпсiз өткiзiлуiн қамтамасыз етуге;   

       2) өз есебiнен олардың кiреберiстерiнде қажеттi су түбiн тереңдету және су түбiн тазалау жұмыстарын жүргiзуге;   

       3) кемелердiң қауiпсiз жүрiп өтуi үшiн қажеттi құрылыстар мен құрылғыларды дайындауға, орнатуға және күтiп ұстауға;   

       4) көтерме көпiрлер қанаттарын ашуға әрi көтеруге мiндеттi.   

       4. Гидроэлектрстанциялардың және iшкi су жолдарындағы су деңгейiн реттеушi су қысымымен жұмыс iстейтiн басқа да гидротехникалық құрылыстардың иелерi мұндай құрылыстардан жоғары және төмен учаскелерде кiдiрiссiз және қауiпсiз кеме қатынасы үшiн қажеттi су деңгейiн ұстап тұруға мiндеттi.   

       5. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

       6. Кеме қатынасы үшiн пайдаланылатын және бiрнеше мемлекеттiң аумағынан өтетiн өзендердегi кепiлдiк берiлетiн тереңдiк Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгiленедi.  

      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.06 № 209,  2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574 Заңы. 

         Осы Заң кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді пайдалану, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы