⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Кен орындары және олардың сыныпталуы Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

14-бап. Кен орындары және олардың сыныпталуы Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Кен орындары және олардың сыныпталуы Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі    

      1. Өзінің сандық, сапалық және тау-кен-техникалық сипаттамалары бойынша оң экономикалық әсері бар өнеркәсіптік әзірлеме үшін жарамды болуы мүмкін пайдалы қазбаның (пайдалы қазбалардың) табиғи немесе техногендік шоғыры кен орны деп танылады.

      2. Пайдалы қазбалар ресурстарының немесе қорларының шамасы және олардың экономикалық маңыздылығы бойынша ірі кен орындары жеке санатқа бөлінеді.

      3. Пайдалы қатты қазбалардың мынадай ресурстарды қамтитын кен орындары ірі кен орындары деп танылады:

 

Пайдалы қазба, өлшем бірлігі

Саны

Темір кені, млн. т

>100

Марганец кені, млн. т

>50

Хромит кені, млн. т

>30

Мыс, млн. т

>5

Қорғасын, млн. т

>5

Мырыш, млн. т

>5

Бокситтер, млн. т

>50

Никель, мың т

>50

Вольфрам, мың т

>100

Молибден, мың т

>200

Алтын, т

>250

Кокстелетін көмір, млн. т

>50

Энергетикалық көмір, млн. т

>500

Қоңыр көмір, млн. т

>500

Жанғыш тақтатастар, млн. т

>500

Фосфориттер (кен), млн. т

>200

Күкірт қышқылды, аралас калий тұздары, млн. т

>100

 

      Мынадай геологиялық қорлары бар көмірсутекті кен орындары ірі кен орындары деп танылады:

 

Пайдалы қазба, өлшем бірлігі

Саны

Мұнай, млн. т

>100

Табиғи газ, млрд. м3

>50

 

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы